Жексенбі, 31 Мамыр 2020
Хабарландырулар: #

Знакомы ли Вы с текстом ежегодного Послания народу Казахстана «НҰРЛЫ ЖОЛ – ПУТЬ В БУДУЩЕЕ»?

Да
Нет


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 185

 Жаңалықтар

Олимпиада қорытындысы

Жаңалықтар 29.05.2020 5

«Жетісу дарыны» орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 26 мамыр күні мұғалімдер арасында «Математика» пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасы өткізілді. Қашықтық олимпиадаға 117 мұғалім қатысты. Нәтижесінде 42 мұғалім жүлделі орындар иеленді: І орын – 11, ІІ орын – 9, ІІІ орын – 22. Олимпиада қорытындысы «Жетісу дарыны» орталығының http://www.zhetisu-daryny.kzсайтында жарияланды. Жүлдегер мұғалімдердің І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдары...

«Заманауи басшы - табыс формуласы» тақырыбындағы мектеп директорларының облыстық интернет- форумы

Жаңалықтар 29.05.2020 8

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мен Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының филиалы бірлесіп, 2020 жылдың 28 мамырында «Табысты басшы» жобасын іске асыру аясында «Заманауи басшы - табыс формуласы» тақырыбында мектеп директорларының облыстық интернет- форумын өткізді. Аталған шараға Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталы...

«Ғылым әлемін ашамыз»

Жаңалықтар 27.05.2020 9

БжҒМ-і «Дарын» РҒПО-ның жоспарына сәйкес 2020 жылдың 21-22 мамыр аралығында онлайн режимде «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша ХVІ-шы халықаралық ғылыми жарыстарын өткізді. Бейнеконференция google.meet.com платформасы арқылы жүргізілді. «Дарын» РҒПО-ның карантин уақытында ұсынған платформасы жарыстың әділетті және сапалы өткенін барлық қатысушылар қолдады. Алматы облысынан 9 қатысушының 4-уі жүлделі орындары иеленді. І-ші дәрежелі дипломмен...

«Информатика» пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

Жаңалықтар 27.05.2020 12

«Жетісу дарыны» орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 22 мамыр күні жаратылыстану пәндері мұғалімдері арасындағы облыстық қашықтық олимпиада «Информатика» пәнінен өткізілді. Қашықтық олимпиадаға 104 мұғалім қатысты. Нәтижесінде І орын – 3, ІІ орын – 15, ІІІ орын – 24 барлығы - 42 мұғалім жүлделі орындар иеленді. Олимпиада қорытындысы «Жетісу дарыны» орталығының http://www.zhetisu-daryny.kzсайтында жарияланды. Жүлдегер мұғалімдерд...

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау

Жаңалықтар 27.05.2020 8

Егер сіз жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиелеуге, қабылдаушы отбасына, отбасы үлгісіндегі балалар үйіне тәрбиелеуге алуға шешім қабылдасаңыз, Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық, қалалық білім бөлімінің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына құжаттар тізімін ұсыну қажет. ҚР Білім және ғылым министрінің 24.04.2020 жылғы №158 бұйрығына сәйкес 2020...

Хабарландыру

Жаңалықтар 27.05.2020 6

2020 жылғы 1-12 маусым аралығындабала еңбегін пайдалану проблемасына қоғамның назарын аудару мақсатында«Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!»ұранымен«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн»Ұлттық ақпараттық науқаны өтеді. Ақпараттық науқан міндеттері: Еліміздің барлық өңірінде бала еңбегі проблемаларын БАҚ-та жариялау үшін журналисттерді тарту; бала еңбегін пайдалану проблемалары, оның масштабы мен сипаттары, балаға және қоғамға тигізетін әсері, сондай-ақ осы саладағы халықара...

Тоғызқұмалақтан облыстық онлайн жарыс

Жаңалықтар 26.05.2020 13

Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы iggamecenter.com арнайы бағдарлама арқылы 2020 жылдың 21-22 мамыр күндері аралығында тоғызқұмалақтан 5-7, 8-10 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан облыстық онлайн жарысын өткізді. Онлайн жарысқа 25 оқушы қатысты. 5-7 сынып ұлдар арасындағы жеңімпаздар: 1 орын - Алпысбай Айдос (Кербұлақ ауданы Сарыөзек ОМ) 2 орын - Оспан Абай (Іле ауданы №30 ОМ) 3 орын- Өмірбек Ержалы (Жамбыл ау...

ҚАШЫҚТАН ӨТКЕН ОБЛЫСТЫҚ «АСЫҚ АТУ» ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫНЫҢ ҚОРТЫНДЫСЫ

Жаңалықтар 26.05.2020 10

Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы 2020 жылдың 19-21 мамыр күндері аралығында Whats App желісі арқылы облыстық «Асық ату» ұлттық ойынын 5-7, 8-10 сынып мектеп оқушылары арасында өткізіп, жеңімпаздарын анықтады. Ойынға барлығы 30 оқушы қатысты. 5-7 сынып жеңімпаздары: 1 орын- Сейілханов Әлібек (Ақсу ауданы Жаңатілеу ОМ) 2 орын- Нұраханов Анвар (Жамбыл ауданы Қайназар №1 ОМ) 3 орын- Шаймұрат Мирас (Кеген ауд...

Жазғы демалыс-2020

Жаңалықтар 26.05.2020 11

Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы 2020 жылдың 26 мамыр күні ZOOM платформасында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің дене шынықтыру саласына жауапты әдіскерлеріне педагог қызметкерлерді аттестау ережесіндегі өзгерістерімен таныстыру жұмыстары және «Жазғы демалыс-2020» жаз уақытындағы таңғы жаттығуды онлайн форматында ұйымдастыру мәселелері бойынша облыстық вебинар өткізді. Вебинарға 20 әдіскер қатысты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.