Сенбі, 22 Ақпан 2020
Хабарландырулар: #

Знакомы ли Вы с текстом ежегодного Послания народу Казахстана «НҰРЛЫ ЖОЛ – ПУТЬ В БУДУЩЕЕ»?

Да
Нет


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 170

 Жаңалықтар

Заңды білу - заман талабы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 10.02.2020
Оқылды: 28 Печать страницы
Заңды білу - заман талабы

2020 жылы 07 ақпанда Талдықорған қаласындағы №25 орта мектептің мәжіліс залында ата-аналар, оқушылар мен жастардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру бойынша облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген іс-шаралар жоспары негізінде «Заңды білу - заман талабы» тақырыбында ата-аналар қауымдастығымен кездесу өтті.

Кездесуге облыстық прокуратура, облыстық полиция департаменті, мемлекеттік органдар, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар, ата-аналар, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде бала қауіпсіздігінің қорғалуы, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі, жасөспірімдер арасындағы ерте жыныстық қатынас, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жасалынған қылмыстар мен кәмелеттіке толмағандармен орын алған қылмыстар, жұмыссыз (маргинальный) жастар жайында және отбасындағы, қоғамдағы жасөспірімдерге қатысты орын алған бопсалау, әлімжетік, зорлық-зомбылық мәселелері талқыланып, сұрақ-жауап алмасты.

Жоспарға сәйкес бұл шара барлық аудан, қалаларда жалғасын таппақ.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.