Бейсенбі, 02 Сәуір 2020
Хабарландырулар: #

Знакомы ли Вы с текстом ежегодного Послания народу Казахстана «НҰРЛЫ ЖОЛ – ПУТЬ В БУДУЩЕЕ»?

Да
Нет


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 179

 Жаңалықтар

«Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2020» облыстық байқауы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 19.03.2020
Оқылды: 38 Печать страницы
«Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2020» облыстық байқауы

Алматы облысының Білім басқармасы мектептегі дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасындағы «Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2020» облыстық байқауы, 2020 жылдың наурыз айының 11-13 күндері аралығында өткізілді. Облыстық байқау 5 кезеңнен тұрды, атап айтсақ I-кезең – "Педагог - шебер" Мұғалімнің кәсіби тәжірибесі, II-кезең – «Жаңа мектепке – жаңашыл сабақ», III-кезең – "Әрбір жұмыс тәжірибесіне – тиімді тәжірибе" (Авторлық бағдарламаның ұсынылуы), IV-кезең – «Стадион» Спорттық іс-шараның тұсаукесері, V кезең – Мұғалімдердін жастарына арналған дене жаттығуларының тапсыру түрлері: Жүгіру – 100м, Тұрған орнынан ұзындыққа секіру, Кермеде тартылу - ұлдар. Арқада жатып кеудесін қөтеру – қыздар, және жүзу бөлімі.

Сайыс қорытындысы бойынша: I орынды жеңіп алған – Хабаржанов Серікбол Хабаржанұлы Жамбыл ауданы, II орынды жеңіп алғандар – Абильбаев Ринат Маратович Іле ауданы, Естибаев Марат Даулетович Ақсу ауданы; III орынды жеңіп алғандар – Мереев Жандос Маратқанұлы Алакөл ауданы, Шарипбаева Айгерим Нурлыбековна Панфилов ауданы, Исмаилов Дамир Сагатбекович Текелі қаласы.

«Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2020» облыстық байқауының қатысушыларын, байқау жеңімпаздарын Алматы облысының Білім басқарма басшысының мадақтамасы, құрмет грамотасы, алғыс хаты және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Облыстық байқауға 13 аудан және 3 қала дене шынықтыру пән мұғалімдері қатысты. Қамтылғаны 16 мұғалім.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.