Жұма, 05 Маусым 2020
Хабарландырулар: #
Білім беру мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы
1450

Электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жүгініп көрдіңіз бе?

Ия
Жоқ
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 261

 Хабарландырулар

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 14.05.2020
Оқылды: 43 Печать страницы

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығына сәйкес Алматы облысының білім басқармасы Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйінің Қамқоршылық кеңес құрамынан 4 мүшенің шығуына байланысты, кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде Қамқоршылық кеңес құрамына өзгерістер енгізіледі.

Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің,коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса) мен қайырымдылық жасаушылар (бар болса) енгізіледі.

Осыған орай, 2020 жылдың 29 мамырына дейін Алматы облыстық білім басқармасының сайтына жоғарыда аталған балалар үйінің Қамқоршылық кеңестерінің құрамына енгізу үшін үміткерлердің жазбаша ұсыныстарын жолдауды сұраймыз.

Алматы облысының білім басқармасы

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.