Сенбі, 06 Маусым 2020
Хабарландырулар: #
Білім беру мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы
1450

Электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жүгініп көрдіңіз бе?

Ия
Жоқ
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 262

2010 қорытындысы

Тәуелсіз сыртқы бақылау (ҰБТ)
 
Оқу жетістіктерін тәуелсіз сыртқы бақылау жүйесі енгізілді: Бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (МАБ). Аталған процедуралар білім саласының сапасын шынайы бағалауды қамтамасыз етеді.
2011-2020 жылдары білім саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасында білім саласының мазмұнын жаңарту бойынша шаралар қарастырылған және балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру, жоғары дамыған елдердің прогрессивті тәжірибесін пайдалана отырып облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларына сәйкес мамандарды даярлау қарастырылған. Осыған байланысты сыртқы бақылау көрсеткішінің өзектілігі және ҰБТ-нің орташа көрсеткіші артып отыр.
2010 жылы облыс бойынша ҰБТ-ның орташа балл көрсеткіші - 85,2. Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға қатысу үлесін ескергенде бұл биылғы жылғы республикалық көрсеткіштен (84,9) және өткен жылғы облыстық көрсеткіштен (76,5) жоғары. 2010 жылы «Алтын белгіге» үміткерлердің 267-сі өз білімін растап шықты, бұл барлық үміткерлердің 72,2 пайызы, ал 2009 жылы бұл көрсеткіш 61 пайыз немесе 175 оқушы болды.
16714 мектеп түлектерінің - 8632 жоғары оқу орындарына түсті, оның ішінде грантқа түскендері - 3337 оқушы, колледждерге -3404 оқушы, кәсіптік лицейлерге - 498-і түсті
ҰБТ–нің нәтижесін жоғарылату мақсатында төмендегідей шаралар жүргізіледі:
- тестке дайындық барысында мұғалімдердің деңгейлеп және жекелеп жұмыс істеуі;
- шалғай ауыл мектептерінің ішінде түлектерді дайындайтын орталықтар ашу.
- тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларды дайындау үшін аудандық әкімшіліктен қаржы бөлу.
- облыстық кәсіби ауысымдық «Дарын» мектебінің мамандарымен жұмыс істеу.
- ұлттық тестілеу орталығының филиалдарымен қарым-қатынас жасау.
Білім және ғылым саласын бақылау бойынша комитетпен бірлесе отырып оқушылар мен ата – аналар арасында ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
 
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.