Сенбі, 25 Қаңтар 2020
Хабарландырулар: #

Знакомы ли Вы с текстом ежегодного Послания народу Казахстана «НҰРЛЫ ЖОЛ – ПУТЬ В БУДУЩЕЕ»?

Да
Нет


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 164

Басшылық

Жүнісов Дәурен Хабдолданұлы

Алматы облысы білім басқармасының басшысы

Жүнісов Дәурен Хабдолданұлы 1979 жылы 04 тамызда Талдықорған облысы, Киров ауданы, Бесқайнар ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ.

2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Қазақстан тарихы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Көксу ауданы Кең-Арал ауылындағы С.Қырықбаева атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастады.

2003-2006 жылдары Көксу ауданы, Бесқайнар ауылындағы орта мектебінде мұғалім, психолог, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

2006-2008 жылдары Көксу ауданы, Көксу бекеті Мұқаншы орта мектебінің директоры, 2008-2009 жылдары Көксу ауданы Балпық би кентіндегі қазақ орта мектеп-гимназиясының директоры болып жұмыс жасады.

2009 жылдың қараша айынан бастап Алматы облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі облыс әкімінің бас инспекторы қызметін атқарған.

2011-2012 жылдары Алматы облысы Іле ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, кейін дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

2013-2015 жылдар аралығында «Жөндеу-құрылыс» ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс жасаған.

2015-2017 ж. Іле ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, 2017 жылдың 13 қазанынан бастап Алматы облысының білім басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған, «Нұр отан» партиясының мүшесі.

Үйленген, 3 баласы бар.

 


 

Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары - Омарова Майгүл Тлеутайқызы

Омарова Майгүл Тлеутайқызы 1969 жылы Талды-Қорған облысы Ақсу ауданы Қаракөз ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары педагогикалық. Тұрмыста.

Ұстаздық еңбек жолын 1992 жылы Ақсу ауданында Жаңатілеу, Чапаев, Сәтбаев орта мектептерінде математика пәнінің мұғалімінен бастаған. 1996 жылдан бастап Талдықорған қаласындағы № 2 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Б.Жолбарысұлы атындағы мектеп-лицей директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

2004 жылы Алматы облысының білім департаментінің орта білім оқытудың жаңа технологиясы мен инновация бөлімінің бас маманы қызметіне қабылданды.

2007-2011 жылдар аралығында осы басқарманың тәрбие жұмысы, мектепке дейінгі, мектептен тыс және интернаттық мекемелер бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

2011 жылдан бастап Алматы облысының білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқаруда.

Майгүл Тлеутайқызы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған.


Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары - Исағұлова Гүлсара Тастандықызы

Исағұлова Гүлсара Тастандықызы 1963 жылы Талды-Қорған облысы Киров ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары педагогикалық.

Еңбек жолын 1982 жылы Алғабас орта мектебінде аға пионервожатый қызметінен бастап, 1988 жылға дейін осы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. 1990 жылға дейін Талдықорған қаласындағы М. Горький атындағы №4 және Б. Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасады.

1990-1993 жылдары Талдықорған облыстық «Қазақ тілі» қоғамының жауапты хатшысы, төраға орынбасары қызметтерін атқарды.

1993 – 1994 жылдары Талдықорған облысы әкімшілігінде аға референт кейін ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік мәселелері бойынша консультанты қызметін атқарды.

1994-2004 жылдар аралығында Талдықорған облыстық кейін Алматы облыстық білім басқармасының жалпы орта білім және оқытудың жаңа технологиялары бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы қызметтерін атқарды.

2004-2008 жылдары Алматы облысы Көксу аудандық білім бөлімінің басшысы болып, 2008-2013 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі аппаратының әлеуметтік бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

2014 жылдың шілде айынан бастап Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары.

Гүлсара Тастандықызы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Ы.Атынсарин» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Чернобыль апатына 25 жыл» медалімен марапатталған.

 


Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары - Сүлейменова Жаңыл Мағданқызы

Сүлейменова Жаңыл Мағданқызы 1962 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары педагогикалық, заңгерлік.

Еңбек жолын 1980 жылы Андреев атындағы орта мектепте мектепалды даярлық тобының мұғалімі ретінде бастады.

1986 – 1987 жж. Күрті ауданының Бозой ауылындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, болып, 1987-1996 жылдары Есік педагогикалық училищесінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, дене шынықтыру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1996-1997 жж. - АРП «Астық-93» коммерциялық қызметі бойынша директордың орынбасары, 1997-1998 жж. - Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы кәсіподақ қызметкерлерінің, мемлекеттік банктік қызметінің қоғамдық қызмет көрсету, әлеуметтік экономикалық бөлімінің меңгерушісі, 1998 -1999 жж. - «ТұранӘлемБанкі» АҚ Талдықорған қаласындағы филиалының жоғары маманы, 1999-2001 жж. - Алматы қаласындағы, «Мейірім» ЖШС-ы директорының орынбасары.

2002 ж. Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің әкімшілік-қаржылық жұмысы жөніндегі бөлімінің жетекші маманы, 2002-2003 жж. талдау, сараптау және құқықтық бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.

2005-2009 жж. Еңбекшіқазақ ауданы, Ақтоғай селосындағы Еңбек орта мектебінің директоры, 2009-2012 жж. Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің бастығы, 2012-2013 жж. Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек селолық округінің әкімі болып жұмыс жасады.

2014 жылдан бері Алматы облысының білім басқармасы басшысының орынбасары.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.